Қазақстан медициналық лабораториялары ассоциациясының ("ҚМЛА" ЗТБ) өкілдерімен бірлескен жұмыс кездесуі.

Бүгін 27 шілде күні Ұлттық денсаулық сақтау палатасы Қазақстан медициналық лабораториялары ассоциациясының ("ҚМЛА" ЗТБ) өкілдерімен бірлескен жұмыс кездесуін өткізді. ҰДСП тарапынан бұл кездесуге Отарбаев Н.К., Калдыбаева М.К., ҚМЛА тарапынан Ким А.Д., Абенов А.Е. қатысты.

Кездесу барысында денсаулық сақтаудағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың даму перспективасы және екі ассоциацияның одан әрі ынтымақтастығы туралы сұрақтар талқыланды. Жалпы алғанда, тараптар өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кадрлық потенциалды дамыту, өзін-өзі реттейтін ұйымдар арасындағы стандарттарды әзірлеу мен аккредитациялау, оқытуды өткізу және т.б. сұрақтармен айналыса алатындығы туралы қорытындыға келді.

Search