25 тамызда С.Қайырбекова атындағы ҰРДДО ұйымдастырған «Профильдік ассоциациялардың клиникалық тәжірибені жетілдірудегі рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

Дөңгелек үстелдің жұмысына профильдік және кәсіби ассоциациялар қатысты. Ассоциацияларды дамыту,ассоциацияларға түрлі функциялар мен өкілеттіктер беру және заңнама жүзінде бекіту перспективасы, сондай-ақ өзін-өзі реттеуге көшу мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Ұлттық денсаулық сақтау палатасы онлайн өткізілген медициналық қызметкерлерді анонимді сауалнамасының алдын ала нәтижелерімен бөлісті. Сауалнаманың мақсаты – біліктілікті арттыру сұрақтарына қатысты денсаулық сақтау мамандарының  пікірін анықтау. Алдын ала нәтижелер бойынша 1000-ға жуық респонденттің сауалнамаға жауап бергенін көрсетті.

Жалпы тенденция бойынша сауалнамаға жауап бергендердің жартысынан көбі біліктілік категориясының деңгейін бағалау жүйесінің керектігін, алайда біліктілікті бағалаудың өзі тиімді, объективті және мотивация беретіндей болу керек деп есептейді.

Әйтпесе, оның мәні жоқ! Тағы бір тенденция – респонденттердің пікірінше, кәсіби қауымдастықтар белсенді түрде бұл жұмысқа атсалысуы керек, сонымен қатар мамандарды оқыту мен біліктілігін бағалауды қамтамасыз ету керек!

Image

Search