«АТАМЕКЕН» ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ АРБИТРАЖ ОРТАЛЫҒЫ

Бизнеске шаруашылық дауларды шешуге жәрдем көрсету мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп коммерциялық шарттардан туындайтын дауларды қарайтын Атамекен арбитраж орталығы құрылды. Қазіргі уақытта Арбитраж  орталығының жалғыз қатысушы болып «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы табылады.

Арбитраж орталығында бүгінгі күні қазақстандық компаниялардың, сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь, Испания, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Польша, Ресей, Сейшел аралдары, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, ОАР елдерінің компанияларының қатысуымен 120-дан астам дау қаралды. 300-ден астам компаниялар шарттарына Арбитраж орталығының үлгілік арбитраж ескертпесін қосуды жалғасытырып келеді.

Компанияларға арналған арбитраждың негізгі артықшылықтарына жатады:

  1. Дау тараптарының кәсіби және тәуелсіз арбитрларды таңдау мүмкіндігі – дауларды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ететін Қазақстанның және шетел мемлекеттерінің салалық мамандары мен үздік заңгерлерін таңдау мүмкіндігін жасау. Арбитрлар қабылдаған шешімнің заңдық күші сот шешімдерінің заңдық күшімен бірдей.
  2. Түпкілікті шешімді тез арада алу– талап арызды берген сәттен бастап орта есепте 3 айдың ішінде алады. Арбитраж істі бір инстанцияда (апелляция мен кассациясыз) түпкілікті шешеді. Арбитраж шешімдерінің күшін жою тек процедуралық негіздер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
  3. Бажды төлеуде үнемдеу– Арбитраж орталығындағы баж төлемдерінің мөлшері соттар мен басқа арбитраждардағы мемлекеттік баждан төмен. Егер соттардағы баждың мөлшері әрдайым талап арыз бағасының 3%-ын құраса, Арбитраж орталығындағы төлем соммасы талап арыз бағасының 0,5%-ына дейін жетеді.
  4. Сот талқылауының құпиялылығы– талқылаудың орын алғандығы мен қорытынды шешім үшінші тұлғаларға жарияланбайды. Тиісті міндет «Арбитраж туралы» заңда көзделген.
  5. Арбитраж талқылауларын Қазақстанның барлық өңірлері мен шетелде де өткізу мүмкіндігі видеобайланысты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Арбитраж орталығы өңірлік өкілдіктердің кең желісіне ие.
  6. Арбитраж шешімдерінің орындалуының үздік көрсеткіші шетелдік арбитраж шешімдерін тану және орындау туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес жүргізіледі.  Қазақстанның аталған конвенцияға қатысуы арбитраж шешімдерін әлемнің 169 елінде орындауға мүмкіндік береді.

Өзіңіздің бизнесіңізді қорғауды алдын ала ойлап, арбитраждың барлық ерекше артықшылықтары туралы www.aca.kz Арбитраж орталығының сайтынан біліңіз.

Search