ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Атамекен» ҰКП басшылығымен кездесу барысында ТМККК/МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметті өтеудің қазіргі тәсілдері, медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің қызметін реттеумен байланысты сұрақтар қарастырылды.
З шілде күні ҚР отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысына дайындық аясында ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Атамекен» ҰКП басшылығымен денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша кездесуі өтті.
Кездесу барысында ТМККК/МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметті өтеудің қазіргі тәсілдері, медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің қызметін реттеумен байланысты сұрақтар қарастырылды.
Қазақстанда 158 фармөндірушілер жұмыс істейді, оның ішінде 42-сі дәрілік заттарды өндірумен маманданады, 116-сы медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіреді. 2022 жылы қазақстандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығының көлемі 921,1 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде отандық өнім өндірушілердің көлемі – 162,6 млрд.теңге.
ҰКП 12 өзекті сұрақты қарастыруға шығарды, олардың көпшілігі кездесу барысында Министр тарапынан қолдау тапты. Атап айтқанда, министр дәрілер мен медициналық бұйымдарды нарыққа шығарудың қазіргі уақытта 5 жылды құрайтын процедурасын оптимизациялау қажеттігі туралы сұрақты қолдады. Осылайша, дәрілер мен медициналық бұйымдарды нарыққа шығару процедурасын оптимизациялау туралы сұрақ жұмыс барысында және ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне өзгерістер енгізу пакеті даярланды.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі бизнес-қауымдастықпен бірлесіп ЕАЭО талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу бойынша өзгерістер пакеті әзірленді. Оған қоса, Министрлікпен ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне медициналық бұйымдардың клиникалық-техникалық негізін және ықтимал техникалық сипаттамасын жасау құзыретттілігін бәсекелестік ортаға беру туралы толықтырулар әзірленді, өйткені эксперттік ұйымның аталған функцияларды монополизациялауы бизнестің жұмысын анағұрлым баяулатты.
Министрлікпен ЕАЭО бірыңғай нарығы аясында отандық өндірушілердің өнімін бәсекелестікке қабілеттігін арттыру үшін қолдау шараларын көрсету туралы ұсыныстар қолдау тапты.
ТМККК/МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметті төлеу және медициналық ұйымдардың кредиторлық қарыздарының өсуі, сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары кезеңінде көрсетілген қызмет үшін қайта есеп айырысуын жүргізу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының алаңында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің басшылығымен мұқият қарастырылатын болады. Министр Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жасалатын шарттардың соммасы мен медициналық қызметтердің жылдық көлемін бөлу тәсілдерін қайта қарастыру және қолда бар кемшіліктерді жақсарту қажеттілігін қолдады.