«Заманауи медицинадағы дәрігердің мәртебесі» конференциясы

21 қазанда "Әлем" коммерциялық емес дәрігерлер бірлестігі Алматы қаласында «Заманауи медицинадағы дәрігердің мәртебесі» конференциясын өткізді. Іс-шараға барлық мамандық бойынша дәрігерлер, бөлімше меңгерушілері, бас дәрігерлер мен жеке клиникалардың жетекшілері қатысты.

Іс-шара барысында заманауи медицинадағы этика мен деонтология тақырыптары, қауіпсіздік мәселелері және заңнама сұрақтары, сондай-ақ кәсіби шаршауды еңсеру мен энергиялық ресурстарды қалпына келтіру тәсілдері талқыланды. Конференция аясында өзінің білімі мен тәжірибесімен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, танымал дәрігерлер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, бизнес, экономика және маркетинг салаларындағы жетекші сарапшылар бөлісті. Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Басқарма Төрағасы Н.К.Отарбаев конференция президиумының құрамында болып, «Дәрігердің қауіпсіздігі» секциясында ашық талқылауға қатысты.

Image

Search