Қазақстандық медициналық лабораториялар ассоциациясының конференциясы

20 қазанда Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Басқарма Төрағасы Отарбаев Нуржан Курмангалиевич халықаралық қатысушылармен бірге «Клиникалық тәжірибедегі лабораториялық диагностиканың заманауи технологиялары: инновациялар мен перспективалар» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференция «Қазақстандық медициналық лабораториялар ассоциациясы» ЗТБ мен «Астана Медицина Университеті» КеАҚ бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты заманауи лабораториялық технологияларды қолдану мен перспективаларға шолу жасау, клиникалық және лабораториялық қызметтердің өзара әрекеттесуінің өзекті сұрақтарын талқылау, сондай-ақ пациентке көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін лабораториялық диагностиканың тәсілдерін дамыту мен оптимизациялау бойынша тәжірибелік ұсыныстар беру болды.

Отарбаев Н.К. " Кәсіби ассоциациялардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы рөлі " тақырыбына баяндама жасады.

Image

Search