Медициналық техника бойынша "MedTech" III Халықаралық форум

2023 жылғы 27 қазанда Қазақстандық Халықаралық «Здравоохранение» Astana Zdorovie» – 2023 көрмесі аясында медициналық техника бойынша "MedTech" III Халықаралық форумы өтті. Форумды өткізуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС қолдау көрсетті.

Форум онлайн трансляцияның қосылуымен офлайн форматта өткізілді. Форумның аудиториясын халықаралық сарапшылар – фармацевтика сұрақтары бойынша практиктер, ғалымдар мен әлемдік аты бар тәжірибе жасайтын дәрігерлер, медициналық өнімдерді шығаратын ірі өндірушілер, Орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық компаниялардың басшылары, қазақстандық және әлемнің көптеген елінен келген шетелдік кәсіпкерлер құрады. Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Басқарма Төрағасы Н.К.Отарбаев спикер ретінде «Медициналық бұйымдарды өндіруді локализациялау» бизнес-сессиясына қатысты.

Search