Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды қамтитын заң жобасын талқылау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды қамтитын заң жобасын талқылау жүргізіліп жатыр.

Аталған заң жобасы барлық медициналық қызметкерлердің мүддесін қамтығанымен, жоғары тәуекелмен байланысты хирургия (оның ішінде нейро- және кардиохирургия), реанимация және анестезиология, акушерлік және гинекология, онкология және т.б. мамандықтар үшін анағұрлым маңызды.

Заң жобасы кәсіби ассоциациялардың кәсіби жауапкершілікті сақтандыру мен медициналық қызметкерлерді қорғау процесіне қатысуын көздейді.


29 кыркүйекте «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» ЖКжЗТБ ассоциациялардың мүшелері ретінде мамандарға қолдау көрсету және кәсіби жауапкершілігін сақтандыру сұрақтары бойынша ассоциациялардың функцияларын, өкілеттіктері мен міндеттерін анықтау және заңнамалық тұрғыда бекіту үшін дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге медициналық ассоциациялардың, «Атамекен» ҰКП, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысып, ассоциацияларды кәсіби жауапкершілікті сақтандыру процесіне тарту бойынша негізгі механизмдерді ұсынды.

Search